Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚР Сыртқы істер министрлігі Израиль, Иран мен Ливандағы қақтығыс салдарынан қаза тапқан қазақстандықтар тіркелмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыртқы істер министрлігінде арнайы штаб құрылып, ол қазақстандықтарға қажетті көмекті ұйымдастыру бойынша барлық жұмысты жедел түрде үйлестіріп келеді. Қазақстанның Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы елшіліктері де осы елдердің уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының зардап шеккен немесе қаза тапқан азаматтары туралы ақпарат келіп түскен жоқ, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Сонымен қатар ол министрлік уәкілетті органдармен бірлесіп репарциялық рейстерді пысықтау үшін ахуалға мониторинг жүргізіп жатқанын атап өтті.
Израиль халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Иранда 3 қазанның таңына дейін барлық рейс тоқтатылды. Биылғы жылдың 1 қазанына дейін Ливандағы 100-ден астам шетелдік елшіліктердің ешқайсысы да өз азаматтарын эвакуациялаған жоқ. Бұл тұрғыда Ливанның билігі тарапынан да тиісті нұсқаулықтар болған жоқ. Сондықтан біздің азаматтарды эвакуациялау мәселесі әзірге пысықталуда және министрліктің ерекше бақылауында, - деді СІМ ресми өкілі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары