Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрAir Astana Дубай бағыты бойынша тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылу мерзімін 31 мамырға дейін ұзартты. Бұл туралы әуе компаниясының ресми хабарламасында мәлім болды.
Компанияның мәліметінше, мұндай шешім Таяу Шығыс аймағындағы тұрақсыз жағдай мен әуе кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелеріне байланысты қабылданған. Соңғы айларда өңірдегі геосаяси ахуалдың шиеленісуі салдарынан бірқатар халықаралық әуе тасымалдаушылары да рейстер кестесіне өзгеріс енгізіп, кей бағыттарды уақытша тоқтатқан.
Air Astana жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін басты назарда ұстайтынын атап өтті. Осыған байланысты компания жағдай толық тұрақталғанға дейін сақтық шараларын жалғастыруды жөн көрген.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына сатып алынған билеттердің толық құны қайтарылады. Сонымен қатар жолаушыларға сапар жоспарларын өзгерту үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынылып отыр.
Тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеу арқылы ұшу мерзімі 31 шілдеге дейін Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған, - делінген мәлімдемеде.
Мұндай жағдайда жолаушылар билет мәртебесін алдын ала тексеріп, рейс кестесіндегі өзгерістерді компанияның ресми сайтынан немесе байланыс орталығы арқылы нақтылап отырғаны жөн.
Таяу Шығыс бағытындағы рейстерге қойылған шектеулер аймақтағы жағдайға байланысты кезең-кезеңімен қайта қаралуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан алдағы уақытта рейстердің қайта жандануы өңірдегі қауіпсіздік ахуалына тікелей байланысты болмақ.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова