Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қосу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта көл аумағында табиғатты қорғау шараларының кешені жүзеге асырылып келеді. Көлге іргелес аумақта қоршаулар мен ақпараттық тақталар орнатылды. Алдағы уақытта көл аумағында қонақтар үшін арнайы автотұрақ пен шолу алаңдары пайда болады. Бұл қоршаған ортаға зиян келтірмей оны тамашалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, көлге қатысты бірқатар шектеу қойылып отыр: автокөлікпен кіруге, жағалау аумағына баруға, шомылуға, тұз бен емдік балшық жинауға толықтай тыйым салынады. Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары мен полиция қызметкерлері аумақты тәулік бойы күзетіп жатыр.
Бұл шаралар соңғы жылдары айтарлықтай антропогендік зардап шеккен көлді сақтауға бағытталған. Ақмола облысының әкімдігі азаматтарды бірегей экожүйені болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатында белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.
Астанадан шамамен 160 шақырым жерде орналасқан Көбейтұз көлі өзінің ерекше қызғылт реңімен танымал. Осындай бірегей табиғи ерекшелік мыңдаған туристің қызығушылығын тудырып, көлге келетін адам саны жыл сайын артып келеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?