29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕлімізде тауға саяхаттауды ұнататын туристерге арналған мобильді қосымша әзірленіп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру және Төтенше жағдайлар департаменттерінің базасымен интеграцияланатын тауға жорықты ұнататын әуесқойлар үшін «Tau Go» смарт-навигатор мобильді қосымшасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Одан бөлек, 2 ГИС жүйесі арқылы офлайн режимде жұмыс істейтін таулы аймақтардағы туристік маршруттарды цифрландыру бойынша шаруа қолға алынды», - дейді ол.
Ибрагим Күлшімбаевтың айтуынша, туристердің қауіпсіздігі үшін шұғыл қызмет телефондары көрсетілген ақпараттық тақтайшалар орнатылмақ.
Министр орынбасары келтірген мәлімет бойынша қыс басталғалы тауда адасқан 147 туристі табуда 14 іздестіру-құтқару жұмысы жүргізілді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек