28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТараздық оқушы «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында қалқымалы электр стансасын жасап шығарды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Былтыр «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша грант иегері атанған Қанат Тәжіхан «Future Solar Power Plant» жобасын жүзеге асырып таныстырды. Ол Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 12-сыныпта оқиды. Болашақта IT инженері болуды жоспарлап отыр.
Қанат Тәжіхан грант қаражатына қуаттылығы 6,6 кВт болатын Қазақстандағы тұңғыш қалқымалы күн электр станциясын жасаған. Жүйе күн трекерімен және өзін-өзі тазалау функциясымен жабдықталған. Автордың айтуынша, оның өнертабысы қазақстандық нарықтағы ең тиімдісі.
Қанаттың жобасы қазірдің өзінде Алматы облысының экологиялық аймақтарының бірінде жүзеге асырылуда.
Айта кетерлігі, 2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы аясында жастардың бастамаларын жүзеге асыруға 3 миллион теңге сомасында 30 грант бөлінеді. Волонтерлік саласын қолдау мақсатында қосымша «Волонтерлік» бағыты қарастырылған.
Қазір «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына өтінімдер қабылдануда.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?