Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістанда «Жібек жолы» тұрғын үй кешені пайдалануға тапсырылды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 500-ден астам отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы барып, баспана кілттерін табыстады.
Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз мәңгі, мәртебеміз биік болсын! Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар тұрғындарымыздың жайлы өмір сүруіне, баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Бүгін кезекте тұрған 500-ден аса отбасы көптен күткен пәтеріне қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алып отыр. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылысы Түркістан қаласы әкімдігінің тапсырысымен жүргізілген. Әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтерген 5 қабатты 508 пәтерлі арендалық тұрғын үй баспана кезегінде тұрған азаматтарға үлестірілді. Жалпы жыл басынан бері Түркістанда кезекте тұрған 482 отбасына пәтерлер табысталды. Жыл қорытындысымен түркістандық 990 отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді