23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТәуелсіздік күніне орай Астанада конкурдан қалалық чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Байқау әрежесіне сәйкес қатысушылар әртүрлі биіктіктегі 6 бағдар бойынша жүлдені сарапқа салады. Жалпы бәсекеде бағы мен бабы келіскен 100-ге жуық сәйгүліктің шеберлігі паш етіледі.
Конкур жарысына деген қызығушылық жыл өткен сайын артып келеді. Біріншіден, бабаларымыз тұлпарды ерекше қадірлеген. Жылқыға деген қазақ халқының құрметі ерекше. Екіншіден, бәсекеміз күнтізбеге енгізілді. 2025 жылы 8 шараны ұйымдастыру жоспарымызда тұр. Үшіншіден, Олимпиадалық бағдарлама түрі саналатын конкурдан Астанада 4 спорт клубында жаттығуға мүмкіндік бар. Олар: «Астана көкпар», Prestige club, «Тұлпар», «Құлагер». Аталған клубтарда 100-ге жуық спортшы жаттыға алады, - деді «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің басшысы Аманжол Хасенов.
Бұл сынға елордан бөлек, Алматы қаласы, Алматы және Қарағанды облыстарынан да спортшылар қатысып жатыр.
Жарыстың жалпы жүлде қоры - 12 миллион теңге.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады