23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлына арнаған өлеңін жариялап, соңғы сәтте түсірілген видеоны бөлісті
Алла жазса, Әлиханымның жылдық асын береміз. Соңғы ресми жиыны ғой. Бүгін дүниеден өткен күні еді. Бір жыл қазақтың дәстүрімен құлынымды жоқтадым. Сол күні Елікті таудың басында жылап тұрып жазған өлеңімді сіздермен бөлісіп отырмын. Бұдан кейін жоқтау өлең салмаймын. Өйткені енді оның екінші рухани өмірі басталды, - деп жазды ақын.
Кеудемде жаным барда балапанымның атын өшірмеймін.
Тек балам туралы жақсы жаңалықтар жазамын деп шештім. Мына видеода Әлихан марқұмның таудан соңғы сырғанап түскенде түсірілген бейнесі еді. Жаның жәннатта болсын, жарығым!
Құлағам жоқ, қайғыдан теңселгенмен,
Жылағам жоқ, егілдім кемсеңдеумен.
Аспанымда бір жұлдыз шырақ жақты,
Көтерілмей жүргенде еңсем жерден.
Құдай өзі көгертіп сепкен дәнді,
Тамырымда қозғады кепкен қанды.
Қақ айрылған жүректі қайта жамап,
Тағдыр шығар тұрғызған шөккен нарды.
Өтті осылай болған жыл күнім түнек,
Бүкіл қазақ мен үшін бір ұл тілеп.
Енді отырмын ұлт болып сұрап алған,
Ұлу жылы ұлыма ғұмыр тілеп!, - деп жазды Серікзат Дүйсенғазы.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік