20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек23 қазан – Халықаралық қар барысы күні. Бұл күн сирек кездесетін жыртқышты қорғауға, оның табиғи мекенін сақтауға және жануарлар дүниесіне төнген қауіпке қоғам назарын аударуға арналған.
Халықаралық қар барысы күнінің тарихы 2013 жылдан басталады. Сол жылы 22–23 қазанда Қырғызстан астанасы Бішкекте қар барысын қорғауға арналған алғашқы дүниежүзілік форум өтті. Оған Қазақстанды қоса алғанда, қар барысы мекендейтін 12 елдің өкілдері қатысты.
Форум қорытындысында Бішкек декларациясы қабылданып, 23 қазанды Халықаралық қар барысы күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. Бұл күн алғаш рет 2014 жылы аталып өтті.
Ал 2024 жылғы 12 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы арнайы қарар қабылдап, 23 қазанды ресми түрде Халықаралық қар барысы күні деп жариялады.
Қазақстанда қар барысын қорғау бағытында қандай жұмыс атқарылып жатыр?
Іле Алатауында шамамен 35-40 қар барысы мекендейді. Қазақстанның Қызыл кітабына енген бұл жыртқышты сақтау – Іле-Алатау ұлттық паркінің басты міндеттерінің бірі.
Ұлттық парк мамандары Зоология институтының ғалымдарымен бірлесіп, қар барысының тіршілігін зерттеп келеді. Тауда орнатылған 50-ден астам фототұзақ жануарлардың табиғи ортадағы қозғалысын, мінез-құлқын және мекендейтін аумағын бақылауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ 2023 жылдан бері ұлттық парк аумағындағы төрт қар барысына спутниктік бақылау құрылғысы бар қарғыбау тағылған. Соның көмегімен ғалымдар жыртқыштардың жүріп өткен жолын, қоныс ауыстыруын және жыл мезгіліне қарай мекендеу аумағының қалай өзгеретінін зерттеп жатыр.
Қар барысын қорғау – бір ғана жануар түрін сақтап қалу емес, ол мекендейтін таулы өлкенің тұтас табиғи жүйесін келер ұрпаққа аман жеткізуге бағытталған маңызды жұмыс.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?