Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларында үш күндік іздестіру-құтқару операциясын сәтті аяқтады. Жоғалған турист ТЖМ Қазавиаспас тікұшағының көмегімен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, 1982 жылғы азамат 12 қаңтарда көп күндік жорыққа аттанып, 15 қаңтарда байланысқа шықпаған соң, туыстары мазасызданып, құтқарушылардан көмек сұрады.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары дереу іздеуге кірісті. Жұмысқа кинологиялық есептоптар, пилотсыз ұшу аппараттары және жер үсті топтары қатысты. Алғашқы екі күнде 21 орын зерттелді, оның ішінде ең танымал туристік маршруттардағы шыңдар, шатқалдар мен асулар болды.
Қазавиақұтқару әуе бортын пайдаланып ұшудың арқасында ер адам 2970 метр биіктікте «Сол Талғар» шатқалындағы күркеден табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмаған зардап шегуші Алматы қаласына жеткізілді, - делінген мәліметте.
ТЖМ туристерге өз маршруттарын мұқият жоспарлауға, жақындарға өз бағыттарыңыз туралы уақтылы хабарлауға және таудағы қауіпсіздік үшін байланыс құралдарын пайдалануға кеңес береді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?