Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБелгілі тиктокер 36 жастағы алматылық Дамир Кушеев Текелі қаласының маңындағы тауларда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен болатын. Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департементі табылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылғы 7 маусымда сағат 18:50-де Жетісу облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне 1986 жылы туған ер адамның 6 маусым сағат 15:00 шамасында Ескелді ауданының тауларында орналасқан Бұрқан бұлақ сарқырамасына қарай велосипедпен кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам Tik-Tok әлеуметтік желісінде өз блогын жүргізетін Алматы қаласының әуесқой саяхатшы, - делінген хабарламада.
Шақыру орнына 1986 жылы туған азаматты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Іздестіру-құтқару жұмыстары Қарабұлақ ауылынан 40 шақырым жерде, қорын шатқалы мен Бұрхан бұлақ сарқырамасы аудандарында жүргізілді.
Жедел жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының арқасында ер адамды сағат 12:00-де Жетісу облысы ТЖД құтқарушылар тобы Бурхан бұлақ сарқырамасынан 12 км қашықтықта тапты. Оған медициналық көмек қажет емес.
Іздестіру жұмыстарын жүргізуге ТЖД-дан 12 қызметкер мен 4 бірлік техника, кинологиялық есеп, аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Айта кетейік, Дамир Кушеев TikTok желісінде түрлі көрікті жерлерге велосипедпен бару арқылы танымал болған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары