6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҮкімет отырысынан кейін баспасөз брифингінде экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бұл мәселеде контейнер мен техникада жетіспеушілік барын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Журналист: «Қарапайым пластикті салатын контейнер, тамақ қалдықтарын салатын контейнерді сұрыптап салу да мүмкін болмай отыр. Тұрғындар тау-тау болып үйлеп жатқан қоқысқа шағымдануда. Бұл мәселе жалпы қалай реттеледі? Қандай жоспарларыңыз бар?» деп министрге тікелей сұрақ қойды.
Үкімет отырысында бұл мәселені көтердік. Шын мәнінде бүгінгі күнге дейін жасалып жатқан шаруаны қарасақ, тек ірі қалалар қамтылып отыр. Соның өзінде де контейнер мен техникада жетіспеушілік бар. Бүгінгі күнде осыны толығымен талдап, нақты әр облыс бойынша іс-шаралар жасалады. Осының аясында біз алдағы үш жылда бұл мәселені шешуді жоспарлап отырмыз, - деді министр.
Сонымен қатар министр қоқыс өңдеу зауыттарының құрылысына инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Біз бұл мәселе бойынша жүз елуден астам жобаны қарастырдық. Соның ішінде әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, әкімдіктермен бірлесіп тоқсан төрт жоба таңдалды. Бұл жобаларға тек жергілікті инвесторлар тартылады, - деді Нысанбаев.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі