Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Қазан Кремль» мемлекеттік тарихи-сәулет және көркемсурет мұражай-қорығында «Яссауи мұрасы және ежелгі Түркістан» халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы ұйымдастырды. Экспозиция 3 бөлімнен тұрады: «Рухани аманат»,«Яссауи мұрасы»,«Түркістан – Түркі әлемінің астанасы».
Көрмеде мұражай-қорық қорынан археологиялық, нумизматикалық, этнографиялық құнды жәдігерлердің түр-түрі ұсынылған. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен мұрасы туралы қолжазбалар мен картиналар, ілімін жалғастырушылардың еңбектері, дүниежүзілік мұра атанған Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне байланысты тарихи артефактілер бар.
Сондай-ақ көрмеге келген көпшілік қасиетті Түркістан тарихымен және қазақ даласының ғасырлар бой қалыптасқан мәдениетімен, оның әлемдік өркениеттегі өзіндік орнымен таныса алады.
Көрме 20 сәуірге дейін жұмыс істейді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?