15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Татарстан жастар қауымдастығының төрағасы Табрис Ярулинмен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу жұмысына Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Павлодар қалаларының Қазақстан халқы ассамблеясы белсенділері мен жастар қозғалысының көшбасшылары қатысты.
ҚХА «Жаңғыру Жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары, «Жарасым» РЖБ төрағасы Тимур Жұмырбаев атап өткендей, аталмыш кездесудің мақсаты жастармен жұмыс жасау бойынша тәжірибе алмасу, жұмыс жасаудың жаңа түрлерімен танысу болып табылады.
Кездесудің бірінші ресми бөлімінде ағайынды екі елдің жастары бірлесе жұмыс жасау үшін жоспар құрып, цифрлы даму жолдарын ұсына отырып, алға қойылған міндеттермен және іске асуы тиіс креативті жобалармен танысты.
Жастардың жақын танысып, ойларымен бөлісу мақсатында «Акыл фабрикасы» атты еркін тренинг ұйымдастырылды.
Кездесуге қатысқан қонақтар ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, Татар мектебінің директоры Зухра Саяпова, «ТАН» татар-башқұрт орталығының төрағасы Рафик Валеев, «Дуслык» татар орталығының төрағасы, «Ак калфак» әйелдер клубының төрағасы Яннат Низамутдинова, Татар жастары дүниежүзілік форумының төрағасы Табрис Яруллин, Қазақстандағы татарлар мен башқұрттар конгресі жастар комитетінің төрағасы Эллина Паули сөз сөйлеп, келешекте мұндай іс-шаралардың жиі өтуіне тілек білдірді.
15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд