Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҮкіметтің баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтан БАҚ өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешілетінін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына да қолдау көрсетіледі. Егер су тасқынынан залал келген үй сол адамның жалғыз баспанасы болса, онда мұндай жандарға мемлекет тарапынан арнайы қолдау бар.
Бірақ бұл жалғыз баспанасы болса ғана. Алайда бұзылған үйді қайта тұрғызбаймыз. Егер қалада ол адамның баспанасы болса, онда баспана беру қарастырылмайды. Мемлекет ешкімнің қолына ешқандай қаражат бермейді. Өйткені жауапкершілігі бар және жоқ адамдар болады. Егер үйді қайта тұрғызуға қолға қаражат берілсе, ол адам қаражатты басқа мақсатқа жұмсауы мүмкін. Мемлекеттің шешімі осындай. Әр зардап шеккен адамның таңдауы бар, біріншіден, қайта тұрғызу, екіншіден, әкімдіктер арқылы екінші нарықтан пәтер алу. Осы екі таңдаудың бірін пайдалануға болады, – деді өнеркәсіп және құрылыс министрі.
Ведомство басшысы жөндеу жұмысын әкімдік немесе құрылыс компаниясы жасайтынын айтты.
Бірнеше өңірде әкімдіктердің шешіміне сәйкес, тек жөндеу жұмыстарына қолға қаражат берілуі мүмкін. Үйді қайта тұрғызу үшін қаражатты азаматтардың қолына бермейміз. Ал төтенше жағдай кезінде үйлер салуға тендер жарияланбайды. Тікелей келісімшарт жасалады. Егер біз тендер жасасақ, ол бірнеше айға созылып кетеді. Құрылыс жұмыстарын созбау үшін тікелей келісімшартқа отырып жатырмыз, – деді Қанат Шарлапаев.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары