11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекСу тасқыны кезеңіне дайындық аясында қыркүйектің соңынан бастап еріген қар суын қабылдауға орын босату үшін Ертіс өзені бойындағы Бұқтырма су қоймасынан су жіберіле бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Төлеген Құлжанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді. Оның сөзінше, Павлодар облысының Май ауданындағы Бесбай алабын күрделі жөндеу жоспарланып отыр.
Нысанның ауданы – 14,6 мың га. 38 гидротехникалық және 6 су өткізу құрылысы жөнделеді. Бұл жұмыстарды 2025 жылы аяқтауға ниеттіміз. Күрделі жөндеу өңірдің барлық сағаларын сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, тіршілік нәрін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, деді филиал директоры.
Сонымен қатар, ауызсумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін 2030 жылға қарай Май топтық су құбырын Майтүбек ауылының маңында салынатын екінші сорғы станциясына қосу жоспарланған.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес