23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылынан Құлсарыға аттанатын гуманитарлық көмек туралы естіген Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Игілікұлы Нұрасылдың ісі жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ол тасқын судан зардап шеккен халыққа арнайы құтыда жинаған тиын-тебенін жолдады.
Құлсарыдағы ағаларыма, бауырларыма осы тиынды бергім келіп отыр. Қобдишаға жинап жүрген тиыным еді. Енді оны сіздерге табыстаймын, бауырларыма жеткізсеңіздер, – дейді Нұрасыл Игілікұлы.
«Құлыншақ аман жүр, өзіңе еселеніп қайтсын!», «Елім деген жүрегіңнен айналайын», «Өркенің өссін!», «Жарайсың!» деп, жылы лебізін білдіріп жатыр оқырман қауым.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік