23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстандық боксшы Даниял Сәбит Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан World Boxing әлем кубогының қорытынды кезеңінде жеңіліп қалды.
50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде IBA нұсқасы бойынша 2024 жылғы Азия чемпионы, өзбекстандық Шодиёржон Меликузиевпен кездесті.
Тартыстың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан (5:0) өзбекстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды. Осылайша, Меликузиев жартылай финалға жолдама алса, Даниял Сәбит жарысты жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, World Boxing әлем кубогының үшінші әрі қорытынды кезеңі 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді. Турнирге 30 ұлттық федерациядан 132 спортшы қатысады.
Қазақстан намысын аталған додада 11 боксшы – алты ер және бес әйел қорғайды. Даниялдан бөлек рингке мына боксшылар шығады.
Әйелдер:
57 кг: Карина Ибрагимова – У Ши И (Қытай Тайбэйі, 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері);
70 кг: Бақыт Сейдеш – Лю Ян (Қытай);
75 кг: Шұғыла Налибай – Елена Гапешина (Ресей);
80 кг: Валерия Аксёнова – Найна (Үндістан);
80 келіден жоғары: Дина Исламбекова – Наиля Патан (Үндістан).
Ерлер:
70 кг: Фарух Тоқтасынов – Ихтияр Нишонов (Қырғызстан, 2025 жылғы әлем чемпионатының финалисі);
75 кг: Аман Қонысбеков – Сергей Сергеев (Ресей);
80 кг: Өнер Сейілхан – Алмаз Орозбеков (Қырғызстан);
85 кг: Сұлтанбек Айбарұлы – Норбек Абдуллаев (Өзбекстан) немесе Идар Занилов (Ресей);
90 кг: Дәулет Төлемісов – Харш Чоудхари (Үндістан, 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері).
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік