12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Өзбекстанның Ұлттық кино өнері сарайында Қазақстан киносының күндері өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бағдарлама аясында «Қайтадан», «Ерекше», «Моя большая казахская семья», «Жабайы», «Алтын адам» және «Әміре» фильмдері көрсетілді.
Іс-шараға Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің, «Қазақфильм» киностудиясының, Kinopark Theatres, Tiger Films және Dala Edge компанияларының өкілдері, сондай-ақ екі елдің кино саласының мамандары қатысты.
Спорт пен адамның ерік-жігерін арқау еткен «Ерекше» фильмінің көрсетіліміне Өзбекстанның бочча командасының өкілдері мен Ташкенттегі спорт мектебінің оқушылары қатысты.
Қазақстан мен Өзбекстан кинематографистері ұлттық киноны дамыту және бірлесіп фильм түсіру мүмкіндіктерін талқылады.
Қазақстан киносының күндері мәдени алмасуға, шығармашылық байланыстарды нығайтуға және отандық киноны шетелде насихаттауға мүмкіндік берді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер