23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді17 қарашада «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров Ташкент қаласында Республикалық қазақ мәдени орталығының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуді ашқан Қазақ мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов Орталықтың атқарып жатқан мәдени, білім жобаларының орындалу барысы туралы ақпарат беріп, «Отандастар қоры» тарапынан көрсетіліп жатқан игі қолдауларына алғысын білдірді.
Кездесуге қатысқан Ташкент облысының Шыршық, Бостандық, Ташкент қалалық аудандарының және Науаи облысы қазақ мәдени орталықтарының өкілдері екі ел арасында соңғы жылдары қалыптасқан, достық, стратегиялық қарым-қатынастардың нығайғанын атап өтіп, мектеп оқушыларына білім беру, қазақ тілі мен әдебиет оқулықтары мен әдістемелік кітаптарды, Қазақстандағы қазақ газет-журналдарды Өзбекстанға жеткізу мәселелері туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.
«Отандастар қоры» президенті Данияр Қадыров өз сөзінде Қоғамның биыл атқарып жатқан іс-шаралары, жобалары туралы айтып, алдағы жылдары өткізілетін жұмыстар жөнінде ақпаратпен таныстырды.
Кездесу соңында Қоғам басшысы шетелдегі қазақ диаспора жастары арасындағы «Қалам мен қиял» шығармашылық байқау жобасының жеңімпазы Науаи облысының Үшқұдық ауданына қарасты 9-мектептің, 9-сынып оқушысы Мақбира Қалыбековаға арнайы сыйлық, диплом және Қазақстанда жазда өтетін халықаралық этнолагерге жолдама тапсырды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады