6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТашкентте қайырымдылық фестивалі өтіп, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ел астанасында Өзбекстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктер арасында мәдени дәстүрлер мен ұлттық тағамдардың XIX қайырымдылық фестивалі ұйымдастырылған.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету бюросы он тоғызыншы рет ұйымдастырып отырған жыл сайынғы іс-шарада Ташкентте жұмыс істейтін елшіліктер мен консулдықтары қызметкерлерінің жұбайлары аспазшы және аспаздық мамандар ретінде өнер көрсетті. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат балалар үйлеріне берілді.
Фестивальде қазақтың ұлттық тағамдарының кең ауқымы ұсынылды.
Еліміздің ұлттық ерекшеліктерін барынша көркем бейнелегені үшін Ташкенттегі қазақстандық дипломатиялық өкілдік «Фестивальге белсенді қатысқаны үшін» дипломымен марапатталды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі