Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрТашкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры қойған «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті.
Көрсетілім Орталық Азияның мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды.
Премьера әйгілі Әлішер Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық Үлкен театр сахнасында өтті. Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Орталық Азия елдерінің мәдениет министрлері және Әзербайжан Мәдениет министрі қатысты.
Хамит Шаңғалиев шығармасы режиссер Давиде Ливерморе ұсынған заманауи сахналық шешіммен үйлесіп, көрерменді Алтын Орда дәуірінің тарихи атмосферасына жетелейді. Қойылымда билік, тағдыр, дәстүр мен жаңару арасындағы таңдау секілді адамзатқа ортақ тақырыптар терең ашылған.
Жоба халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың үлгісі болды. Операны әзірлеуге Қазақстан, Ресей және Түркия зерттеушілері – Ильнур Миргалиев, профессор Ильяс Кемалоғлу және тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлан Атығаев атсалысты. Либретто авторы – Маралтай Ыбыраев, ол драматург Алмас Нүсіптің пьесасы негізінде жазылған.
Спектакльдің режиссері Давиде Ливерморе – Ла Скала, Рим операсы, Туриндегі Театро Реджио секілді әлемдік театрларда жұмыс істеген танымал шебер. Ал музыкалық жетекші әрі қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай театрының бас дирижері Нұржан Байбосынов.
Ташкенттегі премьера қазақ және өзбек халықтарының рухани жақындығын айқындап, екі ел арасындағы мәдени байланысты тереңдете түсті. Бұған дейін бұл опера Алматы, Ыстамбұл және Қазан қалаларында сахналанып, көрермен тарапынан жоғары бағасын алған болатын.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова