Бүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіТашкентте Қазақстанның Өзбекстандағы жылының салтанатты жабылуына арналған Гала-концерт өтті.
Ташкент қаласындағы «Өзбекстан» халықаралық форумдар сарайында өткен гала-концертке ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Өзбекстан Республикасының вице-премьері Азиз Абдухакимов, Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі Бахтиёр Сайфуллаев қатысты.
Концертте Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыргөзов, Медет Шотабаев, Ардақ Балажанова, Батыржан Мықтыбаев, Әлішер Кәрімов, Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі және халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетті.
Айта кетерлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Жылының жабылуы аясында Қазақстан өнер шеберлерінің концерті мен танымал Ә.Қастеев музейінің арнайы көшпелі көрмесін ұйымдастырған болатын.
inform.kz
Бүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры