23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Талдықорған қаласына Өзбекстан Республикасының П. Боровский атындағы Ташкент қалалық медициналық колледжінен арнайы делегация келді.
Қонақтар алдымен қаладағы Достық үйінің қызметі мен аталмыш ғимаратта қызмет ететін түрлі этномәдени орталықтарының жұмысымен танысты.
Дөңгелек үстел барысында жалғасқан бұл кездесуде делегация басшысы Гульчихра Алимджанова: «Қазақстан Республикасы аумағында тұратын өзбек этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамыту үшін барлық қолайлы жағдайдың жасалғандығына көзім жетті. Бұл елді мекендеген халықтардың этномәдени дамуын, олардың тілі, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыптарын сақтау жолында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйінің атқарып жатқан жұмысы қыруар», – деп атап өтті.
Делегация мүшелеріне Алматы облысы Қазақстан халқы ассамблеясының атынан «Жетісу – Достық өлкесі» атты кітап табыс етілді.
Сонымен қатар олар Талдықорған жоғары медициналық колледжімен тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сыныптарын өткізді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік