Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТашкент Гранд Слэм турнирінің екінші күнінде сынға түскен Қазақстан дзюдошылары жүлдесіз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
73 келіде белдескен Данияр Шамшаев қола жүлде үшін күресте Өзбекстан өкілін 19 секундта ұтқан еді. Алайда жеңіс өзбек балуанына берілді. Ол турнирдің іріктеу кезеңдерінде Қырғызстан және Словения балуандарын ұтқан болатын. Ал ширек финалда ресейлік Махмадбек Махмадбековті қапыда қалдырып, жартылай финалда Ресей балуаны Данил Лаврентьевке жол берді.
81 келіде Абылайхан Жұбаназар үшінші орын үшін жапониялық Таканори Нагасемен өзара мықтыны анықтады. Алайда қосымша уақытта төреші ескертуімен ол жеңістен құр қалды.
Отандасымыз іріктеу сындарында Ресей балуаны Давид Карапетянды ұтқан. 1/8 финалда мароккалық Ашраф Моуитиді жеңіп, жартылай финалдың жолдамасы үшін Омар Бажаблимен сынға түсті. Алайда қарсыласынан ұтылып, жұбаныш белдесуінде әлем чемпионы, израильдік Саги Мукиден басым түсті.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер