6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстрахан тас жолында сауда компанияларының бірінде жұмыс істейтін 27 жастағы елорда тұрғыны басқарған автокөлік тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Көлікті тексеру кезінде артқы орындықтан салмағы 1,5 кг синтетикалық а-PVP есірткісі салынған пакет табылып, тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті куратордың нұсқауымен әрекет етіп, есірткіні тасымалдау және жасыру әдісімен таратқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Қарасора - 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Ішкі істер органдары есірткі заттарының жеткізілу және таратылу арналарының, соның ішінде интернет-платформалар мен курьерлік жүйелер арқылы өтуін тоқтатуға бағдарланған. Ішкі істер министрлігі ескертеді: есірткі заттарының заңсыз айналымы – заң алдында қатаң жауапкершілікке әкелетін ауыр қылмыс, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Бұған дейін жыл басынан бері елімізде төрт тоннадан астам есірткі тәркіленгенін жазған едік.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі