23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБүгін «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында полиция қызметкерлері Дулат Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара барысында жол жүрісі қағидалары түсіндіріліп, жолда мұқият болу қажеттігі айтылды.
2024 жылы республика бойынша балалардың қатысуымен 8,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10 мыңнан астам бала жарақат алып, 328 кәмелетке толмаған бала қаза тапты.
Интерактивті сабақтар барысында полицейлер балаларға жолдан қалай дұрыс өту керектігін, қандай жол белгілері мен реттеу сигналдары бар екенін, сондай-ақ төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйретті.
Іс-шараны өткізуге полиция қызметкерлерімен бірге қозғалыстың жас инспекторлары қатысты. Қазіргі уақытта Қазақстанда 5 мыңнан астам қозғалыстың жас инспекторлары отрядтары жұмыс істейді. Олардың құрамында 50 мыңдай оқушы бар. Олар өз қатарластары арасында жол қауіпсіздігі туралы білімді шыңдауға көмектеседі.
Кездесу барысында жол қозғалысы ережелерін сақтаудың адам өмірін қауіптен қорғайтыны айтылды. Өмірден алынған нақты мысалдар келтірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тәртіп сақшылары ашық диалог форматында жауап берді.
Мұндай іс-шаралар балаларға жол қозғалысы туралы мағлұмат беріп қана қоймай, оларды өзінің және айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді.
Айта кету керек, осы тектес лекциялар тұрақты негізде өткізу жоспарланып отыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады