Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҰлттық академиялық кітапханада «Тарихтан тағылым» атты иллюстративті кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жылдың басында дәстүрлі ұйымдастырылатын көрмеге биыл мерейтойлары аталып өтетін тарихи тұлғалар мен ақын-жазушылардың, қазақтан шыққан белгілі мемлекет және қоғам қайраткелерінің архив шежірелері, құжаттары, фотолары, еңбектері, кітаптары мен құнды туындылары қойылды.
Биыл елімізде бірқатар айтулы шаралар жоспарланып отыр. Осыны негізге алған көрме бес бөлімнен тұрады:
«Қазақ хандығына 560 жыл» – тақырыптық көрмеде 100-ден астам кітап және мерзімді басылым материалдары ұсынылған;
«Ұлы Жеңіске 80 жыл» – бөлімде әскери тақырыпқа қатысты кітаптардан бөлек, сұрапыл соғыстан сыр шертетін құжаттар беріліп отыр;
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» – елдің конституциялық құрылымының дамуы туралы материалдар;
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» – Ассамблеяның қызметі туралы, оның елдегі бейбітшілік, келісім мен бірлікті нығайтудағы маңызы, Қазақстанның заманауи бірегейлігін қалыптастырудағы этномәдени әртүрліліктің рөлі туралы соңғы жылдары жарияланған баспа өнімдері, тың деректі материалдар қамтылған;
«Тұғыры биік тұлғалар» – Қазақстанның танымал тарихи тұлғаларының мерейтойларына орай олардың өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған 500-ден аса кітап, естеліктер, фото-суреттер, нақылсөздер мен дәйексөздер қойылған.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова