Тарихи сананы жаңғырту: жеңімпаз ұлт қандай болуы керек?

Тарихи сананы жаңғырту: жеңімпаз ұлт қандай болуы керек?

Аян Қайырбаев
Фото: видеодан кадр

Жеңімпаз ұлт ұғымын тек әскери жеңіспен байланыстыруға болмайды. Бұл – тарихи жарақаттарын еңсеріп, өткенінен сабақ алып, жаңа қоғамдық құндылықтар мен институттарды қалыптастыра алатын қоғам. Бұл туралы Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов e-history.kz порталына берген сұхбатында айтты.

Тарихшы «жеңімпаз ұлт» және «жасампаз ұлт» ұғымдарының мәніне тоқталып, қоғамның тарихи санасы мен оның болашаққа деген көзқарасы елдің дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Жеңімпаз ұлт тарихта жеңілістерден ада ұлт емес. Бұл – өзінің бәсекеге қабілеттілігін көрсете алатын, белгілі бір тарихи қасіреттерін еңсере отырып, қоғамның жаңа жүйесіне сәйкес құндылықтарын орнықтырып, институттарын жаңалап, болашаққа ұмтылатын қоғам, – деді Нұрбек Пұсырманов.

Оның айтуынша, тарихи қиындықтарды еңсеру және өткеннен сабақ алу қоғамның жаңа даму кезеңіне бейімделуіне мүмкіндік береді. Бұл ретте ұлттық құндылықтарды жаңғырту, қоғамдық институттарды жетілдіру және бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру маңызды.

Сұхбат барысында Нұрбек Пұсырманов Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы сапалық өзгерістеріне, ұлттық сананың жаңғыруына және тарихи жарақаттарды еңсеру мәселесіне тоқталды.

Тарихшы сондай-ақ «Жасампаз ұлт қандай болуы керек?», «Тарихи сана қоғамның дамуына қалай ықпал етеді?», «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы өзгерістерін жеңімпаз ұлт қалыптастыру жолындағы қадамдар деп қарастыруға бола ма?» деген сауалдарға жауап берді.

Сұхбаттың толық нұсқасын e-history.kz порталының YouTube арнасынан көруге болады.

Оқи отырыңыз

{