Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналду «Әл-Наср» клубының бас бапкері Руди Гарсияның жұмысына көңілі толмайтын болып шықты, деп хабарлайды El.kz.
AS мәліметінше, 38 жастағы шабуылшы клуб басшылығына маманды ауыстыру туралы өтініш жасаған.
«Португалиялық жұлдыз Руди Гарсияның ұстанған бағытына да, футболшылардың алаңдағы жұмысына да көңілі толмайды. Ол бұдан да жоғары деңгейде өнер көрсетуге және жеңімпаз атануға әлеует жететініне сенімді», – делінген басылымда.
Роналду Сауд Арабиясы клубының сапында өткізген 10 ойында 11 гол соқты. Сөйте тұра Криштианудың командасы алдымен Суперкубокке талас жолынан шығып қалса, енді ішкі біріншілікте чемпиондық атақтан да үміт үзуі мүмкін.
Бұған дейін Роналду «Манчестер Юнайтедтен» де бас бапкер Эрик тен Хагтың жұмысына толмай кетіп еді. Оның Катардағы әлем чемпионаты алдында берген сұхбаты біраз дау туғызды. Оның соңы екі тараптың келісімшартты бұзуымен аяқталды.
Ал жылдың басында португалиялық футболшы «Әл-Наср» клубының сапын толықтырды. Жылдық табысы 200 млн долларға тең.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары