Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Шеңгелді ауылында жаңа мектеп ғимараты бой көтеріп, оқушыларға есігін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Altaynews.kz сайтының мәліметінше, мереке қарсаңында оқушыларға есігін ашқан 100 орындық мектеп «Қ.Сәтпаев атындағы Шеңгелді мектеп-бөбекжай-балабақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып атауын өзгерткен.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округіне қарасты Шеңгелді ауылында 100 орындық жаңа мектеп ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушыларға ауыл ақсақалы Абдрахман ата ақ батасын беріп, ақ жарма тілегін арнады. Саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында жасалған игі істеріміз оң болсын! Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылған білім ордасында білім алатын бүлдіршіндердің болашақтары жарқын болатына сенім білдіреміз!, – деп жазды Тарбағатай ауданы әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Мектеп тарихына келер болсақ, 1968 жылы Бастауыш мектеп болып құрылған. Ал 1976 жылы қазіргі мектеп ғимараты салынып, Қ.И.Сатпаев атындағы орталау мектебі болып құрылған. 2011 жылы негізгі орта мектеп болып құрылған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары