23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Абай облысында прокурорлар ұлттық парк қызметкерлерінің жалған дипломдарын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, Үржар ауданының прокуратурасы 15 инспектордың жоғары білім туралы жалған диплом негізінде «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-не жұмысқа орналасқанын анықтады. Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Прокуратура көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделгенін ескертеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік