23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Таразға ірі көлемде есірткі жеткізбек болған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алдын ала ұйымдастырылған арнайы операция барысында есірткі заттарын өткізетін тағы бір арнаның жолын кесті.
13 қаңтарда Меркі ауданының 48 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол Тараз қаласына ірі көлемде есірткі жеткізуді жоспарлаған. Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жертөледен жалпы салмағы 5 келі 864 грамм гашиш және жалпы салмағы 1 келі 280 грамм кептірілген марихуана есірткісі табылды. Сондай-ақ жеке басын тінту барысында күдіктіден салмағы 14 грамм гашиш есірткісі табылып, тәркіленді.
– Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 5 келі 878 грамм гашиш пен 1 келі 280 грамм марихуананы құрайды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп хабарлады облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылуы мүмкін.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік