Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Тараз қалалық әкімдігі Қарасу шағын ауданындағы жарылыстың себебін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік мәліметінше, бастапқыда айтылғандай газ құбыры жарылмаған.
Тараз қаласы «Самал» мөлтек ауданында орналасқан 110/6 кВ-тық «Рысбек» подстанциясындағы 414 ұяшықтан шығып №10 тарату пунктіне баратын жоғары кернеулі жер асты кабелі істен шыққаны анықталды. Авариялық өшу кезінде ұяшық автоматты түрде өшіп, жер асты кабелі электр қуатынан ажыратылған. Бұл 110/6 кВ-тық электр кабелі болған жерден өтеді. Сағат 22:47-де жарықсыз қалған 10 мөлтек ауданда резервті желілермен электр қуаты қалпына келтірілді, - делінген мәліметте.
Апаттық жағдай болған жер асты кабелі тоқтан ажыратылып, қауіпсіз жағдайға келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік