28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТаразда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 32 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін, 27 желтоқсан күні сағат 1:24-те Тараз қаласының кезекші пультіне Сағындықов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті. Сағат 1:49-да өрт толығымен жойылды. ТЖД күшімен 32 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Өртті сөндіруге 14 адам және 3 техника құрамында ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Күйік шалған 1930 жылғы әйел ауруханаға жатқызылды (1-2 дәрежелі 15% дене күйігі, орташа ауырлық дәрежесі).
Өрт отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.
Осы орайда, ТЖМ тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
- Электр жүйесін, соның ішінде үлкендерін бір уақытта қоспау;
- Қосылған электр және газ жабдықтарын қараусыз қалдырмау;
- Үйде жанғыш сұйықтықтар мен жарылғыш заттарды сақтамау;
- Балалардың отпен ойнауына жол бермеу қажет.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?