30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты7-8 сәуір күндері Тараз қаласында «Аңыз қала» атты жастар арасында квест ойыны өткізілді
Ойын барысында жастар облысымыздың тарихын зерттей отырып әртүлі қызықты жұмбақтарды, логикалық есептерді шешті, локацияларды анықтап, лото тапсырмаларды орындады.
Қатысушылар ұйымдастырушы тарапынан берілген тапсырмаларды орындау барысында бірінші нысаннан екінші нысанға жету үшін жасырылған жұмбақтарды шешу арқылы карта маршрутын құрастырып, 7-8 тарихи-мәдени орынға шолу жасады. Ал ойынның екінші күнінде Тектұрмас тау шатқалдарында жасырылған КП кодтарды карта және компас арқылы анықтады. Квест ойынына 16 мен 29 жас аралығындағы құрамы бес адамнан құралған 21 команда, 105 жас қатысты.
Квест ойын облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өтті. Шараның басты мақсаты жастар арасында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін насихаттау, жастардың бойында коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз өлкесінің тарихы мен мәдениетін терең білуге тәрбиелеу, логикалық ойлауын, зеректілігін, шапшаңдылығын дамыту, танымдық мәдениеті мен зияткерлігін қалыптастыру.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды