Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыЖамбыл облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Тараз қаласында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегін анықтады. Ереже бұзған көлік иесі Ернар Айдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде Тараз қаласында жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылғанын анықтады.
Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жол қозғалысы қағидаларын әдейі бұзып, заң талаптарына ашық түрде құрметсіздік көрсеткен. Оқиға түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған.
Тексеру барысында автокөлік иесі анықталды. Ернар Айдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірден үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, ол көлікті тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзғаны, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын сақтамағаны, сондай-ақ жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін айыппұл салынды.
Полиция жолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалыс қатысушысының жеке жауапкершілігінен басталатынын атап, жол - әзіл мен жарнамалық түсірілім жасайтын орын еместігін ескертеді.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды