Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсТаразда «Тәрбиелі жастар – қоғам тірегі» атты жастар форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысы әкімдігі, полиция департаменті, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ұйымдастыруымен өткен ауқымды шараға облыс әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, құзырлы орган өкілдері мен белсенді жастар, еріктілер қатысқан.
Тағылымды шара қоғамдағы өткір де өзекті мәселелер суреттелген сахналық қойылыммен ашылды. Бұдан соң, есімі елге белгілі өнер майталмандары ұлт зиялыларының рөлін сомдап, жастардың санасына сәуле түсірді. Әртістердің шеберлігі мен таланты көрермендерді таңғалдырып, залды ерекше эмоцияға бөледі.
Облыс әкімі жастарды шынайылыққа тәрбиелеп, туған жеріне қызмет етуге баулу – басты назарда екенін атап өтіп, ізгі лебізін берілді.
- Біз халқымызды әлемге танытқан ең асыл қасиеттерді сіздердің бойларыңыздан көргіміз келеді. Қазіргі жастар Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс – күймейсің!» деген сөзін берік ұстануы керек. Өйткені, Тәуелсіз Қазақстанның тұғырлы тірегі, үкілі үміті, берік қалқаны – Сіздерсіздер. Қайратты жастарымыз көп болса, мемлекетіміздің болашағы баянды болмақ. Қазақстанның ертеңі – саналы әрі талапты жастардың қолында. Сіздер еңбек пен білімді, ар мен намысты, Отан алдындағы парызды ту етіп ұстасаңыздар – алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ. Жастық жігерлеріңіз жалындай берсін! – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, өткен жылы өңірде 25 400 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды