Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘз-Наурыз мерекесіне орай Тараз қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
20-27 наурыз аралығында өтетін чемпионатқа 17 облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы 20 құрама команда қатысып жатыр.
Бүгінгі күні чемпионаттың классика түрінен 350 ойыншы бақ сынауда десек, рапид және блиц түрлерінен тағы 50-ге жуық спортшы жарысқа түспек.
Шараның салтанатты ашылуында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының вице-президенті Батырбек Құлекеев, спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов, тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушы Даулет Абдикаримов сөз сөйлеп, тоғызқұмалақ ойынының маңыздылығын атап өтті.
Чемпионаттың бас төрешісі ретінде жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Ербол Нұрханов қызмет етуде.
Айта кетейік, жарысқа Жамбыл облысынан 36 спортшы қатысып, аймақ намысын қорғауда.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек