23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Тараз қаласының Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ мен Халыққа қызмет көрсету орталығының бірлесуімен «Цифрлы азамат» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша маңызды тұстарын түсіндіріп, «Цифрлы азамат» тренингтерін өткізу арқылы бірқатар мәселелерді көтеріп, жиналған жұртшылықтың цифрлық сауаттылықтарын жетілдірді.
ХҚКО Тараз қалалық №2-бөлімінің бас маманы Олжас Боранғазиев өндіріс пен электр энергиясын, көлік және логистиканы, ауыл шаруашылығын, мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру; электрондық коммерцияны, қаржылық технологияларды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту; «ақылды» қалалар тақырыптары төңірегінде тренинг өткізді.
Электронды үкіметтің тиімді тұстары өте көп. Біріншіден, уақыт үнемдейді, екіншіден, халық үшін өте қолайлы. «Е-GOV» порталының көмегіне жүгінетіндер саны жылдан жылға өсіп келе жатқандығын түсіндіре келе, «Е-GOV мобильді қосымша» жобасы да бүгінгі күні көпшіліктің игілігіне қарай жұмыс істейтіндігін атап көрсетті. Сондай-ақ, азаматтар ұялы телефон арқылы баспана кезегін бақылап, мекен-жай анықтамасына немесе билетке тапсырыс бере алатындығын да анықтап түсіндірді.
7-20-25 мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша жастар сандық форматта құжаттар пакетін интернет арқылы ұсына алатынын білсе, ересектер аурухана, балабақша, мектептерге кезекке тұру сияқты жұмыстарын үйден шықпай-ақ ХҚКО-дан қолма-қол көмек ала алатындығынан хабардар болды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік