Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Аталған атаулы күнге орай Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе отырып «Өткенге құрмет - мәңгілік міндет» атты еске алу кешін өткізді.
ХХ ғасырдың 1930-1938 аралығындағы жылдар ел тарихында демін ішіне тартып, қылышынан қан тамып тұрған азапты кезең болды. Бұл тұста қазақ даласына әлемнің әр түпкірінен түрлі ұлт өкілдері күштеп аударылды. Нәубетті жылдары өзі жарымай отырған қазақтар жер ауып келген этностарды бөтен деместен, бөгде деместен бауырына тартты. Бір үзім нандарын бөліп берді. Қазіргі таңда осы кезеңді еске алса, ерекше толғанатын этнос өкілдері қазақтарға шын жүректерінен алғыстарын айтады. Атамекеннен айырылып айдауда жүрген азаматтарға пана болған еліміздің бауырмалдық, қонақжайлық қасиетін этнос өкілдері ерекеше бағалайды. Бүгінде олар бірлігі бекем, тірлігі көркем елдің халқына айналған.
Кеш бір минуттық үнсіздікпен солақай саясаттың құрбандарын еске алумен басталды. Аталған іс-шарада тарих қойнауындағы осы бір жылдардың көрінісі қайта жаңғырды. Бұған негіз болған – кеш барысындағы «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығының» жастарының азапты жылдардан үзінді ретіндегі ұйымдастырылған театрланған қойылымы.
Сонымен қатар, облыстық ассамблеяның белсенді жастары биге негізделіп ұсынған қуғын-сүргіннің көрінісі және «Болашақ» вокалдық триосының әндері мен этнос өкілдері, этнос жастарының сөйлеген сөздері жиылған жұртты бір сәт өткенге шомылтты.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады