Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТараздың орталық алаңында Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелеріне жаңа өрт сөндіру-құтқару техникасы мен нысанды киімдерді беру рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараға ҚР ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, жергілікті органдардың өкілдері және қызметтің жеке құрамы қатысты.
ТЖД бөлімшелеріне заманауи өрт сөндіру автоцистерналары, авариялық-құтқару автомобильдері, сорғы станциялары, жол талғамайтын көлік, вахталық автобус, жанармай құюшы және тіркемені сүйреуге арналған көліктер берілді. Барлық техника жаңа байланыс және навигация жүйелерімен жабдықталған, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Автопарктің жаңартылуы – бұл азаматтардың қауіпсіздігіне салынған инвестиция. Мықты материалдық-техникалық база құтқарушылардың жедел әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етеді, - деп министр атап өтті.
Жеке құрамға арналған нысанды киімдерді Қазақстандық құтқарушылар қоры ұсынды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар