Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖамбыл облысында Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорттық додаға Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен 17 облыстан келген 450-ден астам балуан қатысуда. Қатысушылар ел біріншілігінде 16 салмақ дәрежесінде бақ сынап жатыр.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысып, кейінгі жылдары төл күресіміздің қарқынды дамып келе жатқанына, чемпионаттың маңыздылығына тоқталды.
Мемлекет басшысының қолдауымен ұлттықспорт түрлері қарқынды дамып келеді. Соның ішінде ұлттық брендіміз – қазақ күресінің орны бөлек. Атап айтқанда, әлемнің 40-тан астам елінде қазақ күресі федерациялары жұмыс істейді. Төл күресіміз жабық ғимараттағы Азия ойындарының, Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының бағдарламасына енді. Балуандарымыз Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында үздік нәтиже көрсетіп, 12 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді. Спортшыларымыздың халықаралық додаларда топ жарып, ұлт абыройын асқақтатып жүргені біз үшін үлкен мақтаныш! Бүгінгі жарысқа сақа балуандармен қатар жас спортшылардың тәжірибесін жетілдіріп, салауатты, белсенді өмірсалтын кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақтың қазақ күресіне деген қызығушылығын арттырады деп сенемін, – деді Ербол Мырзабосынов.
Туризм және спорт министрлігі білекті балуандар бәсекесі КСРО-ның және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Марат Нұрмұхамбетұлы Жақыттың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылғанын атап өтті. Министр саналы ғұмырын ұлттық күреске арнаған Марат Нұрмұхамбетұлына ұттықтау хатын табыстады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар