Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТаразда кафедегі жанжалға барған полиция қызметкері бұзақының қолынан пышақ жарақатын алған. Дегенмен қызметкер оны жедел-тергеу тобы келгенше ұстап тұрған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 3 қаңтарда таңғы сағат 05.00 шамасында болған. Тараз қаласындағы кафелердің бірінде масаң күйдегі 21 жастағы ер адам мекеме күзетшісімен жанжалдасып қалған. Ол күзетшіге күш көрсетіп, пышақпен дене жарақатын салуға оқталады.
Осы сәтте кафеде күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкері дер кезінде араласып, күзетшіні қорғай отырып, ауыр қылмыстың алдын алу шараларын жүргізеді.
Оқиға барысында полиция лейтенанты оң қолына пышақ жарақатын алды. Алайда ол өзінің өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті елемей, қоян-қолтық тәсілдерін қолданып, басқа азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жарақатына қарамастан, құқық бұзушыны қарусыздандырып, жедел-тергеу тобы келгенше ұстап тұрған, деп жазды полиция департаменті.
Қазір күдіктіге қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары