13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызТараздағы Достық үйінде «Тұрақтылық пен келісім – әлеуметтік бірлік пен жаңғыру кепілі» ататуымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІI сессиясы өтті.
Сессия жұмысы Достық үйінің екінші қабатындағы көрмелерді тамашалаумен басталды. Мұнда - «Қазақтану», «Туған жер» жобалары аясында жасалған қолөнер бұйымдары қойылып, Ұлы дала қазынасы, ауыл шаруашылығындағы стартаптардың көрмелері ұйымдастырылған. Сонымен қатар балалар шығармашылығынан, туған жердің пейзаждарын бейнелеуден, «Басқұр» тоқыма қолөнерінен, этномәденибірлестіктер фольклорлық шеберлерінің түрлі бұйымдары жиылған жұрттың назарына ұсынылды.
Облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі, модератор - Маржан Қожаева облыс ассамблеясы төрағасының Қоғамдық орынбасарын тағайындаумен бастады. Аталған лауазымға «Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Бірлік облыстық ҚХА депутаттық тобы басшысының орынбасары, меценат Юрий Минаков тағайындалды.
«Бүгінде облыста 87 этнос өкілдері тұрады және 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Есепті кезеңде 170 мыңнан астам адамды қамтыған 1376 іс-шара өткізілді. 2019 жылдан бастап Ассамблея құрылымына қоғамдық аккредитациядан өткен этномәдени бірлестіктер кіреді. Облыс бойынша аккредиттеу комиссиясында 32 этномәдени бірлестітің өтініші қаралып, мақұлданды. Оның ішінде 25 облыстық, 1 қалалық және 6 аудандық бірлестік бар»- деді өз есебінде М. Қожаева.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды