7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Тараздық полицейлер облыс орталығындағы көшелерді қардан тазартпаған коммуналдық мекеме қызметкерлеріне айыппұл салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімшілік полиция қызметкерлері автомобиль жолдарын күнделікті тексеруден өткізіп жатыр. Бүгінгі таңда ең өзекті мәселе – көшелерді қардан тазарту және көктайғаққа қарсы материалдарды себуді жүзеге асыру. Егер рейдтік шаралар барысында полицейлер қандай да бір бұзушылықтарды анықтаса, онда оларды жою жөніндегі нұсқамаларды жауапты қызметтерге жібереді, олар жуық арада кемшіліктерді түзетуге тиіс. Алайда мердігерлік мекемелер әрдайым өздеріне қатысты жұмысты толық көлемде орындай бермейді.
Тараз қаласының автомобиль жолдарындағы әкімшілік полицияның жол-техникалық инспекция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер етіп отырған кемшіліктерді анықтады. Жол бойындағы қар үйінділері және жолдың тарылуына әкеп соқтыратын қарды толық тазаламау, жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі және жол жиегіндегі үйілген қар жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қауіп төндіріп отыр.
Осы кемшіліктері үшін мердігерлік мекемеге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі (Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамау) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Лауазымды тұлғаға қатысты 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Жыл басынан бері қыс мезгілінде автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін барлығы 8 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?