Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыТаразда көлік көшенің қақ ортасында қазылған жылу магистралінің шұңқырына түсіп кетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Оқиға жексенбіде Төле би көшесінде болған. Мұнда магистральдық жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның мән-жайын Жамбыл облыстық Полиция департаменті хабарлады.
16 маусымда сағат 17:50-де Төле би көшесімен Абай көшесі бағытында Lexus RX300 көлігінің жүргізушісі «3.1 Кіруге тыйым салынады», «1.23 Жөндеу жұмыстары» жол белгілерін елемей, жолдың жабық бөлігіне өтіп кеткен. Магистральдық құбыр жөнделіп жатқан жолда қоршалмаған шұңқырға түсіп кеткен, - делінген хабарламада.
Апат салдарынан жүргізуші, оның әйелі және кәмелетке толмаған екі баласы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Полицейлер мердігердің үстінен қылмыстық іс қозғады. Тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді