Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыОблыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева бастаған этномәдени бірлестік өкілдері Жамбыл облысы бойынша полиция Департаментінің басшысы Арман Оразалиевпен кездесті.
Оның барысында еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақты арттыру, этносаралық қақтығыстар, даулар мен жан-жалдарды болдырмау, сонымен қатар, көші-қон, құықбұзышық секілді мәселелердің алдын-алу және шешу мәселелері қаралды.
Жамбыл облысында барлығы 87 этникалық топ өкілдері тұрады. 73 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олардың ішінде 26-сы Тараз қаласында, 47-сі аудандарда.
Сондай-ақ, полиция бөлімшесінде де қазақ, өзбек, орыс, әзірбайжан, татар, корей – жалпы 20-дан астам ұлт өкілдері тұрақты түрде қызмет атқарып келеді.
Кездесу барысында ұрлыққа қарсы іс-қимыл, көші-қон және жергілікті полиция инспекторларының қызметі мәселелері талқыланды. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары, жас жеткіншектердің бос уақытын тиімді жұмыстарға арнауы, әсіресе Қазақстанда Жастар жылын ескере отырып атқарылуға тиіс жұмыстар жүеленді.
Сонымен қатар, ПД бастығы Арман Оразалиев ІІМ мен Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимылды дамыту мақсатында 2019-2020 жылдарға арналған этносаралық қатынастар саласындағы өзара келісімді нығайту жөніндегі бірлескен Жоспарға қол қойылғанын атап өтті.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады