Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіӘлеуметтік желілерде Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиев Таразда қатты соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайды полиция растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 13 мамыр күні кешке Тараз қаласындағы дәмханалардың бірінде болған. Депутат бетінен соққы алып, ауруханаға жеткізілгенімен, ауруханаға жатудан бас тартқан.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі – «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаға қатысы бар адам анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.
Әлеуметтік желілердегі дерекке сәйкес, Нұрлан Байғазиев Таразға қызметтік сапармен келген. Заңгер ретінде клиенттерімен кездесу өткізген. Сол сәтте оған шабуыл жасалғаны айтылуда. Болжам бойынша, ер адам кастетпен ұрып жіберген.
Айта кетейік, 28 сәуірде Нұрлан Байғазиев Алматы облысында ювеналды полиция қызметкерлері 17 жастағы қызды тоқтатып, қызметтік көлікпен серуендеуді ұсынғанын видеоға түсірген еді. Ол видео арқылы полицейлер тарапынан заң бұзушылықтар болғанын көрсетті. Қызметтік тексерістен кейін кінәлі полицейлер жұмыстан босатылды.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік