Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек50 жастағы науқас өзінің миомасы туралы үш жыл бұрын білген, бірақ дәрігерге барудан қорқып, жағдайды ушықтырып алған. ДСМ мәліметінше, нәтижесінде Тараз қалалық көпбейінді аурухана дәрігерлері одан 15 кг миоманы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Гинекология бөлімшесінің тәжірибелі хирургтары Рымкеш Қошқарова мен Жәмила Мұсаева үлкен миоманы алып тастау операциясын жасаған. Миома алынғаннан кейін әйелдің жағдайы айтарлықтай жақсарды.
ДСМ дерегінше, жатыр миомасы - жатырдың бұлшықет қабатында пайда болатын және репродуктивтік жастағы әйелдерде жиі кездесетін қатерсіз ісік. Статистикаға сәйкес, әйелдердің 40%-ы осы аурудан зардап шегеді.
Дәрігерлердің айтуынша, жатыр миомасының дамуы тек гормоналды теңгерімсіздікпен шектелмейді. Кейде жатырдағы эстроген деңгейі жоғарылауы мүмкін, бірақ бұл қан талдауынан әрдайым көріне бермейді. Миоманың пайда болуына қалқанша без, бүйрек үсті безі, гипоталамус-гипофиз жүйесі және аналық без аурулары да әсер етеді. Сондықтан алдымен гормоналды өзгерістерді, содан кейін аталған ағзаларды тексеру маңызды, - делінген мәліметте.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?